Меню KDT
МЕНЮ

«Бақытты отбасы – бақытты бала !»



Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде
«Бақытты отбасы – бақытты бала !»  атты  тренинг өтті.

       2016 жылдың 29 қараша  күні   Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен  « Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында  «Бақытты отбасы-бақытты бала !»  тақырыбында  аналар  мен  жасөспірім  қыздар  арасында  тренинг  ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты:  отбасылық  құндылықтарды насихаттау, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті түсінігінің кеңейуіне ықпал жасау.

Іс-шара барысында   «Сергіту сәті»  қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы, « Сәйкестендіру» сауалнамасы, «Иісіңнен айналайын!»  және  «Кел, сырласайық !» атты ойын тапсырмалар ұсынылды. Ұсынылған тапсырмаларды жақсы орындап,  аналар мен қыздар белсенділік танытты.

          Іс-шараға  мектептің тәрбие ісі  жөніндегі директордың орынбасары  Жусупова Г.И, мектеп инспекторы Қабылбаева А.А, әлеуметтік педагог  Байтукенова Э.Д,  психолог  Искакова А.А  және Өзін –өзі тану пәні мұғалімі Аяпбергенова Н.С.  қатысты.  




























03.12.16