Меню KDT
МЕНЮ

«Әкем, анам және мен.. » отбасылық зияткерлік сайыстың ФИНАЛДЫҚ қорытындысы өтті.



«Әкем, анам және мен.. »  отбасылық зияткерлік сайыстың ФИНАЛДЫҚ  қорытындысы өтті.

Мектептегі «Білім сапасы» жобасы аясында ұйымдастырылған,  5-10 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен.. »  отбасылық зияткерлік сайыстың бірінші финалдың қорытынды кезеңі өтті. Бұл кезеңде осы уақыт аралығында өткен сайыстардан жеңімпаз болған отбасылар сыңға түсті. Олар үздіктердің үздігі, яғни  5 сыныптардан  жеңіп шыққан 5 «И» сыныбынан «Кәрімжан» отбасы  және 5 «М» сыныбынан «Өсербековтар» отбасы, 6 «Ә» сыныбынан «Кәрімовтар» отбасы, 7 «Г» сыныбынан «Ысқақовтар» отбасы, 10 А сыныбан «Амангельдин» отбасы, 10 «Г» сыныбынан «Қамза» отбасылары өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде отбасы құрамы  таныстырылып, отбасы құндылығын насихаттау болса, екінші кезеңде математика, ағылшын пәндері  және рухани жаңғыру бағытындағы берілген сұрақтарға жанұя құрамымен бірігіп жауап беру басты назарда болды. Үшінші кезеңде отбасының өнері көрсетілді.  Осы сайыста әділ қазылар критериалды бағалау жүйесін қолданып, мектептің Қамқоршылар кеңесі жеңімпаздары өздері де әділ бағаларын беріп, ақшалай сыйлықтарын тапсырды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Досмағанбетова Гүлім Алтайқызы қатысқан отбасыларға ризашылығын білдіріп, тәрбие отбасынан басталатынын, сіз бен бірлесіп балаға жан-жақты тәрбие, білім, әдеп-ғұрыпты бойына сіңіріп, отбасымен бір шаңырақ астында бақытты күндерін өткізуді тіледі.  Жүзден жүйрік шыққан ата-аналарға алғысын білдірді.
 
 Сайыс қорытындысы бойынша;
6 «Ә» сыныбынан қатысқан  «Кәрімовтар» отбасы -  «Бас жүлде» және 20000 тг ақшалай сыйлық.
7 г сынып Өсербековтар  отбасы - I орын және 15000 тг ақшалай сыйлық,
5 и сынып «Кәрімжан» отбасыы - II орын және 10000 тг ақшалай сыйлық,
III орынды  7 г сыныбынан «Ысқақовтар»  отбасы, 10 А сыныбынан  «Амангельдин» отбасы , 10 «Г» сыныбынан «Қамза» отбасылары 5000 тг ақшалай сыйлықпен сертификаттар беріліп, жеңімпаздар марапатталды.  Осы сайысқа ат салысқан ата-аналарға, сынып жетекшілерге және оқушыларымызға рақмет. Келесі кезеңде жаңа жеңімпаздарды бірге анықтайық! Мерейлі отбасылар көп болғай!







 

19.01.19