Меню KDT
МЕНЮ

«Рухани жаңғыру платформасы» қалалық семинары



30.01.2019  ж. күні «Рухани жаңғыру платформасы» қалалық семинар өткізді. Оқушы бойындағы ұлттық мақтаныш пен намыс сезімін қалыптастыру тақырыбындағы №52 мектеп-гиназиясында  қалалық семинарға біздің оқушылырымыз  бен мұғалімдеріміз қатысып келді. Семинар  өте жоғары деңгейде өтті. №64 мектеп-лицей оқушылары семинардың ашылу салтанатында «Атамекен» биі мен «Мен-қазақпын» атты қойылым көрсетті.  «Қобыланды батыр» жырының оқиға желісі бойынша «Алтын сақа» ойынына мектебіміздің 7 «Е» сыныбының оқушысы Роман Ыбырай қатысты. Ол 12 қатысушының ішінен суырылып шығып, финалдық ойынға жолдама алды. Ал 5 «Д» сыныбынан «Азаматовтар» жанұясы «Әже және сүйікті немере» сайысына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Семинар барысында балалардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкедегі заттардан жиналған ақшаны жағдайы төмен отбасына беру ұйымдастырылды. Біздің мектептің оқушылары бұл жәрмеңкеде 6000 тг сауда жасады. Жиналған соманы мектебіміздің қайырымдылық акциясы қорына беру ұйғарылды.  Мұндай іс-шаралар ұстаздар мен оқушылардың рухын көтеріп, отанына деген мақтаныш сезімін оятары сөзсіз. Осындай тағылымы мол шаралар көп болғай! Қатысып келген оқушылар мен мұғалімдерімізге алғысымызды білдіреміз.



30.01.19