Меню KDT
МЕНЮ

«Папье-маше» шебер қолдар байқауы.



Лагердің алтыншы күні оқушыларды қабылдап алғаннан кейін таңғы жаттығу жүргізілді. Таңғы астан кейін жоспар бойынша топта сабақ кестесі бойынша түрлі іс-шаралар, бірі-біріне ұқсамайтын ойындар, тренинг, көріністер, сабақтар өткізілді. Оқушылар «Шебер қолдар» сабағына барып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. 3-4 топтар мектеп ауласына саяхат жасап, табиғат аясында көгалда пикник ұйымдастырды. Арнайы шақырылған «Голографиялық шоу» балалар көңілінен шықты. Голограммада мултьфильм тамашалады. 10 топ арасында «Папье маше» шебер қолдар байқауы да ерекше өтті. Өткен аптада өз қолдарымен желімдеп, 3-4 күн кептіріп, бояп жасаған кейіпкерлерін, заттарын ортада қорғап көпшілікті тамсандыра білді. ВИДЕО КӨРУ

11.06.24