Меню KDT
МЕНЮ

«Табиғатты аялайық» эко күн.



С.Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде жазғы лагерьде «Табиғатты аялайық» тақырыбында эко күні өтті. Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің және тіршілігінің нәтижесінде қоршаған ортаға тән емес заттар көп мөлшерде шығарылып, табиғи орта ластануда. Сол себептен Біз барлық тұрғындарды (жастарды, ересектерді, жас өспірімдерді) ауаның, судың, көшелердің және аулалардың тазалығын сақтауға шақыруымыз қажет!
Біздің бүгінгііс шарамыздың мақсаты екіншілік шикізат болып табылатын қағаз қалдықтарын – макулатураны тиімді пайдалану қажет екенін көрсету. Макулатураның (қағаз қалдықтарының) 1 тоннасын іске асыру арқылы 400 м3 ағаш өнімін сақтап қалуға болады, ал бұл –5 үлкен ағашты сақтап қалумен бірдей. Іс шара барысында оқушылар еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленді. Табиғатты қорғау насихатталды. ВИДЕО КӨРУ

13.06.24