Меню KDT
МЕНЮ

Жас түлек - 2024



2023-2024 оқу жылындағы 9-класс оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру салтанатты жиыны өтті. Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап куәлік иесі атанып жүр. 9 жылдық білімді тәмамдап кейбіреуі 11 жылдықты бітірем деген ниетпен оқуды әрі карай жалғастырса, енді бірі колледж студенті атанады. Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім керек. Бүгінгі негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік алған оқушыларымызды мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта еңбек етіп, білім шыңына жетіңіздер демекпіз. ВИДЕО КӨРУ
13.06.24