Меню KDT
МЕНЮ

«Закладчики. Мать» атты деректі фильм.



«Заң мен тәртіп» аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бүгін 7–11 сынып оқушыларына Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен түсірілген, есірткі қылмыстарының алдын алуға арналған «Закладчики. Мать» атты деректі фильм көрсетілді. Көрсетілім барысында оқушыларға құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың салдары кеңінен түсіндіріліп, заң талаптарын сақтамаудың жеке тұлғаның тағдырына, болашағына және қоғамға тигізетін жағымсыз әсері нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауына ықпал ету, есірткіге байланысты қылмыстар мен заңсыз әрекеттердің ауыр зардаптарын санасына сіңіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. ВИДЕО КӨРУ

05.02.26