Меню KDT
МЕНЮ

1 - қыркүйек Білім Күні құтты болсын!



Астана қаласының №64 мектеп-лицейінде 1-қыркүйек күні дәстүрдегі «Алғашқы қоңырау» мерекесі өтті. Таңертең мектеп алаңына 1 және 11 сынып оқушылары сап түзеуге тұрып салтанатты түрде алғашқы қоңыраулары  соғылды.  Мерекеге ертегі кейіпкерлері Дин-дин мен Самсам 1-сынып оқушыларына қонаққа келіп таң-тамаша қалдырды. Оқиға желісі бойынша олар балаларға алғашқы қоңырау соғуға көмектесті. Мектептің салтанатты жиынына  мектеп-лицей әкімшілігімен қатар Астана қаласы Білім департаменті басшысының орынбасары  Айтжанова Гүлжан Жақсылыққызы қатысты. Мереке соңында балалар  барша Қазақстан мектептерінде өтетін «Мен өз елімнің патриотымын» атты сабақтарына шақырылды.


















02.09.16