Меню KDT
МЕНЮ

« Ұстаз - өмірдің шамшырағы » атты Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс- шара!



№64 мектеп-лицейінде қыркүйектің 30 күні « Ұстаз - өмірдің шамшырағы » атты Ұстаздар күніне арналған «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты іс- шара өтті. Мектеп директоры Буламбаева Рауза Аксеитқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім саласына, қоғамдық жұмыстарға белсене үлес қосқан ұстаздарға   алғыс хаттар тапсырып, мерекемен құттықтады.  Өз өнерлерін көрсеткен «Жас ұлан»  ұйымы мұғалімдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұстаздар қауымы оқушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Жалпы, іс-шара жлғарғы деңгейде өтті. Ұстаздар күні құтты болсын.

















01.10.16