Меню KDT
МЕНЮ

«Мектебім-мейірім мекені» атты сынып сағаттары өткізілді.



1 қыркүйек Білім күніне орай 1 мен 11 сынып оқушылары арасында «Мектебім-мейірім мекені» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатын өткізілуі барысында ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адамның бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауда ерекше назар аударылды.
Сынып сағатының басты мақсаты білім алушылардың білімге ұмтылуы мен оларды еңбексүйгіштікке , отаншылдыққа үйрету. Сондай-ақ, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру болды.
Сынып сағатында балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан жаңашылдық, яғни, заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекіліктерді қолдану , мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану мәселелері ұсынылды.
М. Әуезов айтқандай: Қазақ мектебінде бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүю орта мектеп табалдырығынан бастау алады. Сондықтан алтын дәуір мектебімізді аялайық! ВИДЕО КӨРУ

01.09.23