Меню KDT
МЕНЮ

«Ермұхан Бекмахановтың тарихи мұрасы» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция.



14 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ермұхан Бекмахановтың тарихи мұрасы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда №64 мектеп-лицейдің 10 «Б» сынып оқушысы Ерланова Нұрай жүлделі 2 орынға ие болды. Конференцияда Нұрай «Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны мен тұлғалық қасиеті көзқарасы» атты зерттеу жұмысын қорғап, жоғары бағаланды. Бұл жұмысында ол ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылыми еңбектеріне терең талдау жасап, оның тарихтағы орны мен тұлғалық қасиеттеріне баға берді.
З ерттеу жұмысының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Бекназарова Дина Омаровна.
Ермұхан Бекмахановтың есімі мен ғылыми мұрасы қазіргі замандағы тарих ғылымында маңызды орын алады, және бұл конференция оқушыларға оның мұрасын зерттеуге және насихаттауға мүмкіндік береді. ВИДЕО КӨРУ

15.02.25