Меню KDT
МЕНЮ

«Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын.



1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Бұл айтулы шарада мектеп директоры Баймұратова Бану Алимжановна ұстаздар қауымын, ата-аналарды, оқушыларды, әсіресе алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып бүлдіршіндерін жаңа оқу жылымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Салтанатты жиынға құрметті қонақтар да арнайы шақыртылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Тастекеев Қайрат Кулбайұлы және мектеп “Қамқоршылық кеңесі” мүшелері Әселім Қаукенқызы мен Қадыр Сұлтанұлы сөз сөйлеп, 1 және 11 сынып оқушыларын “Білім күнімен” құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мектебіміздің өнерлі оқушылары мерекелік көңіл-күй сыйлап, «Әліппе» мен «Қоңырау» әндерін орындады, «Сарыарқа үлгілі» би ансамблі әсем биімен жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды. ВИДЕО КӨРУ

01.09.25