Меню KDT
МЕНЮ

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» бейнероликтер сайысы.



«Отбасы – махаббат пен мейірім мекені» онкүндігі аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында 2-сынып оқушылары арасында бейнероликтер сайысы өткізілді. Шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз отбасыларын таныстырып, бейнежазба арқылы ата-анаға, бауырларына деген ықыласын, құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізе білді. «Отбасы – әр баланың алғашқы мектебі, өмірдегі ең басты тірегі» деген ұғым сайыс мазмұнында айқын көрініс тапты. Бұл шараның мақсаты- оқушылардың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, сондай-ақ отбасылық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру. ВИДЕО КӨРУ

19.09.25