Меню KDT
МЕНЮ

«Ұстазға алғыс!»педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу.



«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «64-те қонақта» жобасы аясында мектебімізде тағылымы мол, ерекше шара — «Ұстазға алғыс!»педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу сағаты өткізілді.
Бұл күн — мектеп тарихында ізгілік пен құрметке толы күн болды. Педагогикалық еңбек ардагерлері мектебімізге арнайы шақырылып, өздерінің өмір жолы, мұғалімдік қызметтегі жарқын сәттерімен бөлісті.
Ардагер ұстаздармен сұхбат, сұрақ-жауап форматындағы еркін әңгіме — жас буын үшін үлкен тәрбие сабағына айналды.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, күй шертті, ардагерлерге арнап жүрекжарды тілектерін білдірді. Шараның басты мақсаты – ұстаз мамандығының қадір-қасиетін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау және ардагерлерге құрмет көрсету болды.
Бүгінгі ұрпақ — кешегі ұстаздың еңбегінің жемісі.
Ұстазға тағзым – ұлтқа құрмет. ВИДЕО КӨРУ

29.09.25