Меню KDT
МЕНЮ

«Көркем еңбек және музыка» әдістеме бірлестік апталығының ашылуы.



Бүгін 29.09.2025 жылы «Өнер-өмір жемісі» атты «Көркем еңбек және музыка» әдістеме бірлестік апталығының ашылуы өтті! Апталықтың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнердің өміріміздегі маңызын тереңірек түсіндіру. Өнер – бұл біздің ішкі әлемімізді, сезімдерімізді және ойларымызды әлемге танытатын ең құнды құрал. Әрбір өнер туындысы – бұл адам еңбегінің жемісі. Сондықтан да осы апталықта көрсетілген өнер туындылары сіздердің өмірлеріңізде жаңа қадамдар, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жеңістерге жол ашсын! Баршаңызға қызықты да мазмұнды апта тілейміз! Өнер әлеміне жаңа мүмкіндіктермен бірге қадам басайық! ВИДЕО КӨРУ

29.09.25