Меню KDT
МЕНЮ

“Спорт – денсаулық кепілі” футболдан командалық сайыс.



Мектебіміздің 15 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылып жатқан “15 жыл – 15 іс-шара” жоспарына сәйкес, 7-сыныптар арасында “Спорт – денсаулық кепілі” тақырыбында футболдан командалық сайыс ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты дамыту болды.
Тартысты өткен ойында әр сынып өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген ынта-жігерін танытты. Жарыс барысында ойын ережелері сақталып, әділ төрелік жүргізілді. Қатысушылар ұйымшылдықпен әрекет етіп, достық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.
Бұл іс-шара оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, спорт арқылы бірлік пен сергектікке жетеледі. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Кнәз С, 7- сынып жетекшілеріне алғысымызды айтамыз. ВИДЕО КӨРУ

30.09.25