Меню KDT
МЕНЮ

Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс.



"Өнер-өмір жемісі" атты көркем еңбек және музыка апталығы аясында Аманжол Роза Үсенқызы «Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды өнердегі заманауи стильдермен таныстырып, олардың ерекшеліктерін талдау және тәжірибе жүзінде қолдануға баулу болды. Оқушылар топпен және жеке жұмыс жасап, өз шығармашылық идеяларын заманауи тәсілдер арқылы бейнелеуге мүмкіндік алды. Ұстаз оқушылардың өнерге деген эстетикалық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, заманауи бағыттарды тәжірибеде қолданудың маңыздылығын көрсетті. ВИДЕО КӨРУ

03.10.25