Меню KDT
МЕНЮ

"Мұғалімді құшақта" атты челлендж.



Ұстаздар күніне орай мектебіміздің оқушылары ерекше және жылы жүректі бастамаға – "Мұғалімді құшақта" атты челленджге қатысты. Бұл іс-шара шын жүректен шыққан ризашылық пен құрметке толы көңіл-күй сыйлады.
Челлендж аясында оқушылар өздері үшін ерекше орын алатын, білім мен тәрбие жолында бағыт-бағдар беріп жүрген мұғалімдерін құшақтап, алғыс сөздерін айтты. Олар ұстаздарын "ең мейірімді", "ең әдемі", "ең креативті", "ең шығармашыл", "ең сүйікті" т.б. деп сипаттап, шынайы сезімдерін білдірді.
Бұл шара ұстаз бен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтып, мектеп ішіндегі бірлікті, сыйластықты арттыра түсті. Ұстаздар да өз кезектерінде шәкірттерінің ықыласына риза болып, көтеріңкі көңіл-күймен кәсіби мерекелерін қарсы алды. ВИДЕО КӨРУ

03.10.25