Меню KDT
МЕНЮ

«Сәнді қыз» атты дефиле.



«Өмір – өнер жемісі» апталығы аясында «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Аманжол Роза Үсенқызы 5-сынып оқушылары арасында сыныптан тыс ерекше іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара «Сәнді қыз» атты дефиле түрінде өтіп, оның негізгі ерекшелігі – тұрмыстық түрлі заттар мен күзгі табиғаттың әсемдігін сән үлгісіне қосу болды. Оқушылар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, табиғи жапырақтардан, гүлдерден, түрлі тұрмыстық бұйымдардан сән үлгілерін жасады. Бұл шара жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, күнделікті заттарды жаңа қырынан көруге тәрбиеледі. ВИДЕО КӨРУ

06.10.25