Меню KDT
МЕНЮ

«Айтыс өнері» ашық сабақ.



«Өнер – өмір жемісі» атты апталық аясында музыка пәні мұғалімі Сарсенбаева Толқын Жұмағазықызы 5 «С» сыныбына «Айтыс өнері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанрлардың бірі – айтыстың мән-маңызын таныту, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тапқырлық пен ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында мұғалім айтыс өнерінің шығу тарихына тоқталып, айтыскер ақындар жайлы қызықты деректермен бөлісті. Оқушылар жұптасып, шағын импровизациялық айтыстар ұйымдастырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігін арттырып, ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятты. ВИДЕО КӨРУ

07.10.25