Меню KDT
МЕНЮ

«Ұлттық ойындар – отбасы мақтанышы» атты спорттық-экологиялық іс-шара.



«Таза Қазақстан» жобасы аясында жоспарға сәйкес «Ұлттық ойындар – отбасы мақтанышы» атты спорттық-экологиялық іс-шара 4-сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Іс-шара барысында оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған ұлттық ойындар ойналды. Сонымен қатар ата-баба мұрасын дәріптей отырып, балалардың ептілік, шапшаңдық, төзімділік қасиеттерін дамыту көзделді. Оқушылар «Арқан тарту», «Асық ату», «Бес асық» сынды ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасты. Әрбір ойын кезеңі қызықты да тартымды өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Балалар тек жарысып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.Сонымен қатар, іс-шара экологиялық бағытты да қамтыды. Оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде өз ойларын ортаға салып, түрлі ұрандар айтып, тазалықтың маңыздылығын насихаттады. ВИДЕО КӨРУ

15.04.26