Меню KDT
МЕНЮ

“Тамшының шытырман оқиғасы” экоертегі.



“Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы” онкүндік аясында кітапханамызда 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Тамшының шытырман оқиғасы” атты экоертегі іс-шарасы өтті. Оқушылар өз қиялдарынан ертегі құрастырып келген. Бір кішкентай су тамшысының басынан өткен шытырман оқиғалары балаларға ерекше әсер етті . Табиғатты қорғау идеясын жеңіл әрі әсерлі түрде жеткізді. Қарапайым оқиға арқылы бала қоқыс тастамау, суды үнемдеу, ағаштарды сындырмау сияқты әрекеттердің маңызын түсінді. Сонымен бірге командалық сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылар табиғаттағы әрбір нәрсенің маңызды екенін, су, ауа, өсімдік пен жануарлардың бір- бірімен байланысты екенін ұғынды. Экоертегілер баланың қиялын дамытып, табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятумен қатар, болашақ ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеудің тиімді жолы. ВИДЕО КӨРУ

17.04.26