Меню KDT
МЕНЮ

«Балалар жазушыларымен танысу» танымдық тәрбие сағаты.



Жазушылар күніне орай «Балалар жазушыларымен танысу» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Танымдық сағат барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің белгілі жазушыларының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, тәрбиелік мәні зор туындыларымен танысты. Сонымен қатар, оқушылар өлеңдер оқып, презентация жасап, сұрақ-жауап кезеңінде өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Таным сағаты оқушылардың сөздік қорын дамытуға, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. Оқушыларды балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерімен таныстыру, олардың шығармалары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық сағат өз мақсатына жетті. ВИДЕО КӨРУ

18.04.26