Меню KDT
МЕНЮ

«Құстар – біздің досымыз» акциясы.



1 «Ғ» сынып оқушылары «Құстар – біздің досымыз» акциясына белсенді қатысып, құстарға қамқорлық көрсету мақсатында құс ұяларын жасап, оларды мектеп ауласы мен жақын маңдағы ағаштарға іліп қойды. Бұл – табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын үлгісі.Акция барысында оқушылар құстардың тіршілігі туралы мағлұмат алып, олардың табиғаттағы маңызы жайында түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, құстарды қорғау, оларға зиян келтірмеу, қыс мезгілінде жем беру сияқты пайдалы әдеттердің маңызын ұғынды. Оқушыларымыз табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйренді. "Құстарға қамқорлық жасау – табиғатты қорғаудың маңызды бір бөлігі"- деп білеміз. ВИДЕО КӨРУ

23.04.26