Меню KDT
МЕНЮ

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тәрбиелік іс-шаралар.



«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында мектебіміздің бастауыш сыныптарында сынып сағаттары аясында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі тақырыптық суреттер салып, еліміздегі ұлттар достығы, татулық пен келісім құндылықтарын бейнеледі. Оқушылар шығармашылық жұмыстар арқылы мерекенің мән-маңызын тереңірек түсінді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы туралы түсініктерін қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет сезімін арттыру, достыққа, бейбітшілікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу. ВИДЕО КӨРУ

30.04.26