Меню KDT
МЕНЮ

«Мұражайға саяхат» жобасы.



«Мұражайға саяхат» жобасы аясында 6 сынып оқушылары Еліміздің Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музейіне  саяхат жасады. Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі. Оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткен жобаға мектебіміздің оқушылары арнайы кесте бойынша баруда. Мұражай қызметкерлері оқушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Мұражайдың жетекші ғылыми қызметкерлері  балаларға экскурсия жұмысын жүргізді. Тәуелсіздік залы, қала тарихы, жылжымалы көрме залы бөлімдерімен сабақтасты. Оқушыларымыз мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті. Әрі қарай, оқушыларға еліміздің, өңірдің көрікті жерлері, ұлттық құндылықтар туралы сынып сағаттарында ақпарат беріп, тарихи танымдарын кеңейтті.  Біздің мақсатымыз- тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды шығармашылық өнермен және туған жеріміздің мәдениетімен таныстыру еді. Білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу — біздің басты міндетіміз. ВИДЕО КӨРУ

15.01.25