Меню KDT
МЕНЮ

«Құстарға ұя сыйлайық» экологиялық акциясы.



«Құстарға ұя сыйлайық» экологиялық акциясы аясында мектеп оқушылары құстарға ұя жасап оны мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырды. Мақсаты: құстарға қолайлы өмір сүру жағдайын жасау арқылы табиғатты қорғауға үлес қосу. Оқушыларға алдын ала қоршаған ортаны сыйлау, құстарға қамқор болу, құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, ой өрістерін дамытуға арналған «Құстар біздің досымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Негізінен оқушылардың міндеті қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялап баптауға бейімдеу екеніне көз жеткізу және шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін ашуға баулу. Табиғат - Ананы қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. ВИДЕО КӨРУ

01.04.25