Меню KDT
МЕНЮ

TEDx: “Айтарым бар”.



“Қазақ тілі мен әдебиеті” бірлестігінің апталығы аясында сәуірдің 18-і мектебіміздің кітапханасында TEDx форматында “Айтарым бар” шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – мұғалімдерге өз тәжірибелерімен, идеяларымен және шабыттандыратын оқиғаларымен еркін бөлісетін алаң ұсыну. Шара барысында әртүрлі пән мұғалімдері өздерінің кәсіби және өмірлік жолындағы маңызды ойларымен, жаңашыл тәсілдерімен әсерлі оқиғаларын айтып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Қатысушылардың белсенділігі мен кері байланысы іс-шараның жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Бұл бастама мұғалімдердің әлеуетін ашып, кәсіби шабыттарын арттырған тамаша іс-шара болды. ВИДЕО КӨРУ

19.04.25