Меню KDT
МЕНЮ

9-10 сынып оқушылары арасында дебат.



16 сәуір күні №64 мектеп-лицейінде БПФ форматында «БП үлгерімі төмен оқушы ретінде мектепте оқуын жалғастырғаннан гөрі, 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түсу қажет...» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын қалыптастыру және мамандық таңдауға бағыт беру болды.Пікірсайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, тақырыпты жақтаушы және қарсы тарап ретінде өз ұстанымдарын қорғады.
Үкімет:Үлгерімі төмен оқушыларға кәсіптік бағыттағы білім беру тиімді екенін, колледжде оқу арқылы өмірге ерте бейімделуге болатынын, практикалық дағдыларға басымдық беру арқылы табысты маман иесі атануға мүмкіндін айтты.
Оппозиция:Жалпы орта білім алудың маңызын,Оқушының әлеуеті толық ашылуы үшін уақыт қажеттігін,мектеп қабырғасында терең білім алудың болашақта жоғары оқу орнына түсуге жол ашатынын айтты.
Дебат барысында оқушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, тақырыпты жан-жақты талқылады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар үшін танымдық және кәсіби бағытта маңызды тәжірибе болды. Дебат ойынында 10 «А» сынып оқушыларының командасы жеңіске жетті.

21.04.25