Меню KDT
МЕНЮ

«Мектептегі зерттеу: тәжірибе алмасу және білім сапасын арттыру жолдары»



Бүгін мектебімізде 30 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігі “Әдістемелік орталығының” ұйымдастыруымен «Қоғамдастық мектептер» арасында педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына арналған «Сабақты зерттеу (Lesson Study) үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын және оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбындағы семинар жоғары деңгейде өткізілді Семинар мақсаты: кәсіби қауымдастықта мектептегі зерттеу тәжірибесі бойынша тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды трансформациялау; Lesson Study, сабақты зерттеу (LS) үдерісі негізінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау мен тарату Семинар сабақты зерттеудегі басшылыққа алынған прициптерге негізделіп басталып, бірінші кезең ашық сабақ, екінші кезең тәрбие сағаттарымен жалғасты. Үшінші сағатта қауымдастық ұстаздары (Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей, Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия, №55 жалпы орта мектеп, Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-лицей) өз тәжірибелерімен бөлісті, Семинар «Әдістемелік орталық» әдіскері, педагогика-психология ғылымдарының магистрі Мәдениет Хабатүлының кері байланыс жасауымен қорытындыланды. ВИДЕО КӨРУ

31.01.26