Меню KDT
МЕНЮ

«Таңдау жаса!» жобасы.



«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында  мектебімізде әрбір сәрсенбі кәсіби бағдар күніне «Таңдау жаса!» жобасы 11 сынып оқушыларына  Шетелде тегін білім алыңы туралы ақпарат берілді. Ақпарат барысында шетелдік жоғары оқу орындары ұсынатын гранттар мен стипендиялық бағдарламалар, құжат тапсыру талаптары, оқу тілі, сондай-ақ қабылдау шарттары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға академиялық ұтқырлық, халықаралық бағдарламалар (мысалы, Erasmus+, DAAD, Türkiye Bursları және т.б.) туралы мәліметтер беріліп, шетелде білім алудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері талқыланды.Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақта шетелде білім алуға дайындық жолдары бойынша пайдалы кеңестермен танысты. ВИДЕО КӨРУ

18.02.26