Меню KDT
МЕНЮ

Анамның сүйікті тәттісі» көрме-байқауы.



8 наурыз – аналар мерекесі қарсаңында мектептебімізде 7 сынып оқушылары арасында «Анамның сүйікті тәттісі» атты көрме-байқауы аналарымыз бен қыз балалар арасында шеберлік сағаты өтті. Мақсаты – ұлттық тағамдарды дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту және ана мен қыз арасындағы сыйластық пен сабақтастықты арттыру болды. Қатысушылар өз қолдарымен дайындаған түрлі тәттілерін ұсынып, олардың дайындалу тәсілі мен тарихы туралы таныстырып өтті. Көрмеге қойылған торттар, бәліштер, ұлттық дәмдер мен заманауи десерттер ерекше безендірілуімен және дәмімен көзге түсті. Әр отбасының дастарқаны мейірім мен жылылыққа толы екені байқалды. Шеберлік сағат аналар мен қыздардың арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұлттық дәстүрді құрметтеуге, қолөнер мен аспаздық шеберлікті дамытуға үлкен үлес қосты. Қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. ВИДЕО КӨРУ

05.03.26