Меню KDT
МЕНЮ

«Анаға арнау» жалпықалалық хормен ән айту челленджі.



Көктемнің ең жарқын мерекесі — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебіміздің оқушылары «Анаға арнау» атты жалпықалалық хормен ән айту челленджісіне белсенді түрде қатысты. Аталған челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және ұлттық тәрбиенің маңызын насихаттау. Челлендж барысында оқушылар аналарға арналған әсерлі әндерді хормен орындап, өздерінің ризашылығы мен ыстық ықыластарын білдірді. Челлендж аясында анаға деген құрмет пен махаббаттың адам өміріндегі ерекше орны, ұлттық тәрбиедегі маңызы кеңінен айшықталды. Хор арқылы оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып, олардың жүрегінде анаға деген сыйластық, ізет және алғыс сезімі нығая түсті. Аяулы аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз! ВИДЕО КӨРУ

05.03.26