Меню KDT
МЕНЮ

Көрісу күні, Амал мерекесі.



«Наурызнама» іс шаралары жоспарына сәйкес мектебімізде «Амал» мерекесіне арналған таңғы құттықтау іс шарасы өтті. 14 наурыз күні еліміздің батыс өңірлерінде кеңінен тойланатын ұлттық мереке – Көрісу күні немесе Амал мерекесі атап өтіледі. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасатын, реніштерді ұмытып, жаңа жылды татулықпен бастауға ниет ететін ерекше дәстүрлі мереке. Халық арасында бұл күнді көктемнің, жаңарудың және жаңа үміттің бастауы деп қабылдайды. Халық арасында осы күні кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Бұл – береке мен жақсылықтың, татулық пен бірліктің белгісі деп есептеледі.Мерекенің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдағы сыйластық пен ынтымақты нығайту. Сондай-ақ бұл күн адамдарды мейірімділікке, кешірімді болуға, бір-біріне ізгі тілектер айтуға үндейді. Осыған орай ұйымдастырылатын іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, Көрісу рәсімін орындап, ұлттық құндылықтардың маңызын түсінеді. Сонымен қатар мерекелік құттықтаулар айтылып, жылы лебіздер білдіріледі. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, жүректерді жылытатын, достық пен бауырмалдықты арттыратын игі дәстүр. Мереке барша қазақстандық-тарға татулық, береке, ынтымақ пен мол бақыт әкелсін! ВИДЕО КӨРУ

13.03.26