Меню KDT
МЕНЮ

Киберқауіпсіздік және жауапкершілік: Бүгінгі цифрлық әлемдегі маңыздылығы.



Мектебімізде «Киберқауіпсіздік және жауапкершілік: Бүгінгі цифрлық әлемдегі маңыздылығы» тақырыбында оқушыларға арналған түсіндірме сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет желісін қауіпсіз пайдалану ережелерімен таныстыру және киберкеңістікте кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, кибербуллингтің алдын алу және онлайн алаяқтықтан сақтану туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар цифрлық ортада әрбір қолданушының жауапкершілігі, интернет мәдениеті және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Түсіндірме барысында оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, түрлі мысалдар арқылы киберқауіпсіздіктің күнделікті өмірдегі маңызы талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, интернетті пайдалану кезінде кездесетін жағдайлар туралы пікірлерімен бөлісті. Сабақтың соңында кері байланыс ретінде танымдық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді түрде қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Өткізілген сабақ оқушылардың цифрлық қауіпсіздік туралы білімін арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрі жауапкершілікпен әрекет етуге бағыт берді. ВИДЕО КӨРУ

16.03.26