Меню KDT
МЕНЮ

«Қазақтың салт-дәстүрі – әже тәлімі» тәлім сағаты.



14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі» қарсаңында мектепте «Әжелер мектебінің» қатысуымен «Қазақтың салт-дәстүрі – әже тәлімі» атты тәлім сағаты өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдар мен әдет-ғұрыптар туралы кеңінен мағлұмат беру. Тәлім сағаты барысында «Әжелер мектебінің» мүшелері оқушыларға қазақ халқының бай мұрасы, салт-дәстүрлері, ұлттық тәрбиенің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қазақтың көнеден келе жатқан кейбір ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдары, олардың дайындалу жолдары мен маңызы туралы түсіндірілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары, үлкенді құрметтеу, амандасу мәдениеті және «Көрісу күні» мерекесінің мәні мен маңызы туралы тың ақпараттар алды. Әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерін, тәрбиелік мәні зор нақыл сөздер мен өнегелі кеңестерін айтып, жастарға ұлттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. ВИДЕО КӨРУ
16.03.26