Меню KDT
МЕНЮ

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне.



«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша Наурызнама онкүндігі аясында “17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне” орай мектебімізде тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақ халқының әртүрлі салт-дәстүрлері сахналанып, олардың мәні мен мазмұны кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар арасында ұлттық ойындар да ойнатылып, балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін шыңдауға мүмкіндік берілді. Бұл көріністер өскелең ұрпаққа ата-бабадан қалған асыл мұраны ұғынуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үлкен мүмкіндік берді. Аталған күннің басты маңызы – халқымыздың бай мәдениетін, салт-дәстүрін жаңғыртып, оны жас буынның санасына сіңіру. Ұлттық тәрбие – ұлт болашағының негізі. ВИДЕО КӨРУ

17.03.26