Меню KDT
МЕНЮ

«Армысың, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара.



Мектебімізде көктемнің шуақты мерекесі – әз-Наурыз мейрамына орай «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылардың өнері мен белсенділігі олардың шығармашылық қабілеттерін танытып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына халқымыздың бай мұрасын сіңіру, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен шаттық тілейміз! ВИДЕО КӨРУ

18.03.26