Меню KDT
МЕНЮ

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мұғалімдердің IV қалалық ауызша командалық олимпиадасы.



2026 жылдың 4 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде» Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы аясында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мұғалімдердің IV қалалық ауызша командалық олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Олимпиаданың басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын тиімді қолдану арқылы білім сапасын көтеру, сондай-ақ тіл арқылы ойды жүйелі жеткізу қабілетін дамыту болды.
Шара барысында қатысушы командалар өз білімдері мен біліктерін ортаға салып, тапқырлық пен шешендік, терең талдау мен жүйелі ойлау қабілеттерін көрсетті. Әр команда ерекше дайындықпен келіп, өз деңгейінде өнер көрсетті.
Нәтижесінде: «Шабыт» тобы І орынды, «Самғау» және «Алтын сөз» топтары ІІ орын, «Білім баспалдағы», «Сөз айнасы», «Алаш» топтары ІІІ орынмен марапатталды. Ал ерекше шеберлігімен көзге түскен «Үштаған» тобы Бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл олимпиада – ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасу алаңына айналған маңызды білім сайысы болды. Қатысушылар өзара ынтымақтастық пен шығармашылықты ұштастыра отырып, тілдің құдіретін, білімнің биігін тағы бір дәлелдеді.
04.04.26