Меню KDT
МЕНЮ

«Түлек кеңесі» 11-сынып оқушылары мен мектеп түлектерінің кездесуі.



«64-те қонақта» жобасы аясында «Түлек кеңесі» тақырыбында 11-сынып оқушылары мен мектеп түлектерінің кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп түлектері өздерінің білім жолы, мамандық таңдаудағы тәжірибесі, жоғары оқу орындарына түсу кезеңіндегі дайындықтары мен студенттік өмір туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдау, ҰБТ-ға дайындық, уақытты тиімді пайдалану және мақсатқа жетудегі табандылық жөнінде құнды кеңестер берілді. Кездесудің мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің өмірлік тәжірибесі арқылы 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал ету, білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың мотивациясын күшейту және мектеп пен түлектер арасындағы байланысты нығайту. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Кездесу әсерлі әрі мазмұнды өтіп, қатысушыларға үлкен серпін сыйлады. ВИДЕО КӨРУ

22.05.26