Меню KDT
МЕНЮ

«Жүректен жүрекке» атты алғыс айту акциясы.



Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Жүректен жүрекке» атты алғыс айту акциясы ерекше көңіл күйде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, ізгілік, сыйластық пен алғыс айту мәдениетін сіңіру, жүректегі жылы сезімді жеткізе білуге тәрбиелеу. Акция барысында оқушылар жүрек пішіндес тілектер мен әсем алғыс сөздерін ардақты ұстаздарына арнап, шынайы ықыластарын білдірді. Осындай тағылымды шаралар ұстаз бен оқушы арасындағы құрмет пен сыйластықты арттырып, мейірімге толы атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді. ВИДЕО КӨРУ

22.05.26