Меню KDT
МЕНЮ

Тұлға еткен – мектебім» салтанатты жиыны.



18 маусым мектебімізде «Тұлға еткен – мектебім» атты 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын өткізілді. Биылғы жылдың ерекшелігі ретінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс шараларға белсенді қатысты. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Б.А.Баймұратова құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тіледі. Мерекелік шарада түлектердің мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәрбиесі, олардың тұлға болып қалыптасуындағы мектептің рөлі ерекше атап өтілді. Оқушылар ұстаздары мен ата-аналарына ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Құрметті түлектер, Сіздерді осы маңызды белеспен шын жүректен құттықтаймыз! Алдарыңыздан ашылатын жаңа мүмкіндіктер жолы сәттілікке, жетістіктерге және жарқын армандарға толы болсын. Қайда жүрсеңіздер де туған мектептеріңізді мақтан тұтып, алған білімдеріңізді ел игілігіне жұмсайтын саналы азамат болуларыңызға тілектеспіз. ВИДЕО КӨРУ
18.06.26