Меню KDT
МЕНЮ

«Әңгіме айта біліміз бе?» TEDX



Қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық әрі тәрбиелік мәні айырықша. 2024 жылдың 1 ақпан күні Мақаш Ләззат Серікқызы мен Кариева Айжан Манарбекқызының ұйымдастыруымен «Әңгіме айта біліміз бе?» TEDX форматындағы сөз сайысына  6-сыныптар қатысты. Бұл сайыста әңгіме айтушылардың сөзінің әсем әуезділігі, күмбірлеген үнмен, кең тыныспен, тың серпінмен айтылуы, тыңдаушының ықылас-пейілін өзіне аударуы, оқу жылдамдығы есепке алынды. Әңгіме айтқанды ұнататын, ділмар, әңгіме айтқыш оқушыларымыз баршылық екен. Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан нақышына келтіріп, жатқа әңгімелеп берді. Ең бастысы сол айтқан әңгіме үзіндісінің мазмұнын, тақырыбын, тәрбиелік мәнін түсініп отыр. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз. ВИДЕО КӨРУ

05.02.24