Меню KDT
МЕНЮ

"АИТВ инфекциясының алдын алу" семинар-лекция.



«Табиғат.Денсаулық. Болашақ» жобасы негізінде «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында эпидимолог Ж.К.Бекетова семинар-лекция өткізді. Осы тақырыпта замануи жағдайда АИТВ инфекциясының алдын алу және пневмоцистік пневмония туралы алғашқы ғылыми есеп жарияланғаннан кейін 40 жылдан астам уақыт өтті, ол кейіннен АИТВ инфекциясының соңғы сатысы - иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) ретінде белгілі болды-деп қысқаша баяндама жасады. Кейін АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау, сонымен қатар жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар «АИТВ/ЖИТС-деген не?, «АИТВ – қайдан шықты?, «Қандай жолдармен беріледі?» деген сұрақтарға тоқталып,  республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар-лекция соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды..

17.04.24