Меню KDT
МЕНЮ

Қазақтың ұлттық тағамы жент.



«Этно» жобасы  Аманжол Розаның жетекшілігімен қазақтың ұлттық тағамы жент туралы дәріс сабақ өтті. Жент — қыста да, жазда да бұзылмайтын, әрқашан өзінің нәрлілігі мен дәмділігін сақтайтын, сондықтан да көшпелі халықтың дастарқанынан тиесілі орын алған ұлттық тағам. Ол қазіргі кезде де өзінің құндылығын жойған жоқ. Керісінше, күнделікті сүйіп жейтін тағамдарымыздың біріне айналып келеді. Дайындау ерекшеліктеріне қарай женттің бірнеше түрі болады. Жентті кейде «қазақ шоколады» дейді. Ал Орта Азия халықтары оны «шербет» деп атайды. Жент сөкке тортасынан айырған сарымай, қант, ірімшік қосып, келіге түйіп жасалады. Жылқы майы мен бал, ірімшік араластырып та дайындауға болады. Оқушылар жентті өз қолдарымен жасап, бір-біріне тарту етті. 

04.06.24