Меню KDT
МЕНЮ

«Түрлі-түсті күн».



Лагерьдің екінші аптасы да басталды. Бүгінгі таңғы сергітуді Сыбанқұл Берік, Жылқыбаев Жақсыбек мұғалімдер жүргізді. Демалыстан кейінгі достар кездесуі қызықты әңгіме, көңілді күймен басталды. Барлық топтар жаттығудан кейін сапқа тұрып асханаға таңғы асқа барды. Мектеп ауласы мен сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқау берілді. Таңғы астан кейін жоспар бойынша 1-4 сынып топтарында психологиялық тренинг өтті. Топ оқушылары арасында арнайы танымдық ойындар, 5-8 сыныптарда «Lessonteam» сағаттары өтті. Ойындардан соң бір топтар театр сабағына барып, енді бірі әнге, енді бірі спорт сағаттарына барды. Ән сабағынан шыққан соң би билеп сергіп алды. Содан соң оқушылармен бірге ерекше «Түрлі-түсті күн» өткізілді. Әр оқушы өздеріне берілген түстерге байланысты тамақтар әкеліп аулада таза ауада жақсы демалды. ВИДЕО КӨРУ

10.06.24