Меню KDT
МЕНЮ

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация.



29 тамыз мектебіміздің мұғалімдеріне «Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация. Вакцинацияның тиімділігі, жатыр мойны обырының эпидемиологиясы, алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті мектебіміздің медбикесі Адаспаева Анар Мазгутовна бастап, әрі қарай №7 емхананың мектеп бөлімінің меңгерушісі Абденбекова Рабиға Оңалбаевна, профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Ашимова Назерке Мадилбекқызы баяндама жасады. Баяндамада «Адам папилломасы вирусы – әртүрлі органдардың терісі мен шырышты қабығын жұқтыратын вирус. АПВ-ның кейбір түрлері әртүрлі ауруларға, соның ішінде қатерлі ісікке, жыныс мүшелерінің сүйелдеріне және тыныс алу жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін» екендігі айтылды. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бұл аурудан жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады немесе басқаша айтқанда, күн сайын екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Қазақстанда жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде кең таралған онкопатологиялар арасында екінші орында тұрғандығы ескертілді. АПВ-ға қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді екені басым бағыт берілді. ТОЛЫҚ АҚПАРАТ





29.08.24