Меню KDT
МЕНЮ

«64-те қонақта» жобасы.



«64-те қонақта» жобасының кезекті қонағы ретінде ҚР ҰҚК Академиясына және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері шақырылды. Кездесу сағатының негізгі мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін ояту және қалыптастыру. Келген қонақтарымыз: «Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп қабырғасынан да басталады” - деп оқушылармен еркін сұхбат өткізді. Сұхбатымыздың бірінші кезеңінде жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм деген не? сауалға оқушылардан жауаптар алынды. Қонақтарымыз қойылған сұрақтардың ішіндегі ең қызықты әрі маңызды сұрақ иелеріне қздерінің дайындап келген сыйлықтарын ұсынды. Сонымен қатар қызықты тапсырмалар берілді.
Қорытынды кезеңінде мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы. Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы керек деп ойтүйін жасалды. ВИДЕО КӨРУ

28.11.24