Меню KDT
МЕНЮ

Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.



Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерге физика және информатика әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы апталығымыздың басталғандығын салтанатты түрде хабарлаймыз!!! ХХI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам, технологиялық өркениет дәуірі. Ал бұл технологияны меңгеруде, ғылымды өркендетуде жаратылыстану пәндерінің, физика және информатиканың орны ерекше. Осыған орай физика апталығында теория мен практиканы ұштастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі іш-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Артығырақ білсем, көрсем, танысам деген әрбіріңізді өзіміздің корпуста қуана күтеміз. Апталықтың қызықты әрі танымды өтуіне белсене араласып, бірлесе ат салысуларыңызды сұраймын. Іске сәт! ВИДЕО КӨРУ

20.01.25