Меню KDT
МЕНЮ

«Әскери робот техникасының негіздері» ашық сабағы.



“Өнер-өмір жемісі” атты көркем еңбек және музыка апталығының аясында Аманжолов Рахметолла Нигметовичтің «Әскери робот техникасының негіздері» ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Бұл сабақтың нәтижесі ретінде оқушылар тек теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар әскери робот техникасы саласында нақты тәжірибе алуға мүмкіндік алды. Сабақтың құрылымы мен мазмұны өте қызықты әрі нәтижелі болды. Оқушылардың техникалық білімдерін тереңдетіп, оларды осы салада болашақ мамандық таңдауға ынталандырды. Ұстаздың сабақты ұйымдастырудағы шеберлігі, жаңа білім мен технологияны оқушыларға жеткізу тәсілі олардың болашақта әскери техникалар саласында маман болуға деген қызығушылығын арттыра түсті. ВИДЕО КӨРУ

29.01.25